Сабақ жалғасуда …
Біз Дінмұхаммедтің сүйікті саябағында жүргенбіз. Саябақ оның үйінің жанында орналасқан. Әйелі екеуі осы саябақта серуендеп, көп сөйлескенді ұнататын. Жарқын шамның астында ағаш орындық әрқашан сүйікті қонақтарын күтетін. Қыста кешкі уақытта әсіресе әдемі болатын.Барша елордалықтар Димаштың сүйікті жерін білетін. Тыныш, әдемі, саябақ сиқырға оранған. Димаш кетті. Саябақ жетім қалды. Оның күлімсіреген энергиясы жойылды. Бірақ орындық қалды. Адамдар оған отырмайды. Қыста тек осы орындық қана қалың қармен жабылған. Қар біркелкі жауып жатты. Шам жарқырап тұрды. Бірақ бұл жер сиқырлы болды. Оның бойынан ерекше қуат келіп тұрады. Димашты сағынғандар саябаққа келіп, осы жерге тамсанып, онда отырған қымбатты адамды ойша елестетіп тамашалайды.
Жанна Ешимова