«Бір суреттің құпиясы» тыңдаушымның шығармашылығы …

Анна Черкашинаның әңгімесі

Орман, көл және сиқырлы қария туралы әңгіме

Орманда көлдің қасында тұратын қариямен кездесу туралы тарих. Ертеде балалық шағымда жаз сайын әке-шешеміз бізді бауырыммен ауылға ата-әжемізге апарып тұрды. Біздің үйіміз үлкен ауылдың шетінде болды. Үйдің артында орман басталатын.

Бір күні таңертең үйден шығып, орманға жүгіріп кеттім. Мен орманда ұзақ қыдырып адасып қалдым.

Күннің сәулелері жарық болды. Кенеттен менің алдымда шағын көл көрінді. Көлдің оң жағында бір үйді көрдім. Үйдің айналасында далада ағаштар өсіп жатты. Үйдің терезелерінде жарық болды. Мен осы үйге барғым келді, бірақ менің алдымда көл.

Жағаға жақын жерде мен қайықты таптым. Қайыққа отырып жүздім.

Үйдің жақын жерінді қайықтан жерге түсіп, сол үй жаққа бардым. Есікті қақтым, бір қария есік ашты.

— Қызым, қайдансың, не болып қалды? — деп  сұрады қария.

— Мен адасып қалдым, — деп жыладым.

— Қайғырма, сені үйіңе жеткіземін.

Біз орманда жүргенде, қария жидектер, ағаштар, жануарлар туралы  көп айтты. Біз ауылымды жылдам таптық. Қария қоштасты, мен үйге бардым.

Әжеме қария туралы айтсам, «орманда осы үйде ешкім тұрмайды» ғой — деді әжем. Ол маған сенген жоқ.

«Бұл сиқыршы қария адасқан адамдарға үйге жол табуға көмектеседі», — деді атам.

Осындай сиқырлы оқиға балалық шағымда болған еді.