«Бір суреттің құпиясы» тыңдаушымның шығармашылығы …

 

Наталья Коленконың келесі жұмысы.

Бір күні жас жігіт сары жолда көлікпен жүрді. Таң атты соңдықтан аспан ғажайып ақ қызыл түсті болды. Жолды бойлай жасыл шөп жұмсақ кілем сияқты жайылды. Жолда басқа көліктер болған жоқ, айнала тыңыштық пен сабырлық орнаған.

Жол бойында жігітке екі биік ағаш кездесті. Бұл ерекше орын болды: екі ағаштың арасында енсіз жол алысқа барды. Ағаштарға жетіп, жігіт көлігін тоқтатты, сосын далаға шықты.

Ауа райы өте жылы болды, самал соқты. Бірнеше қадам үнсіз жүріп, жігіт ағаштарға жақындады. Содан кейін алдында жарық көрініп және сиқырлы есік ашылды.

Үйге кіргенде жігіт бейтаныс жерде болды. Бір кезде ол ақ көйлек киген ақшыл  қыз көрді.

-Үйге қайт! Отбасың сені күтіп жатыр, — деп айтты қыз, — осында саған орын жоқ.

Жігіт оянып, көзін ашты, тежегішті басты — көлігі терең шұңқырдан бір шақырым жерде тоқтап қалды.

«Мен түн бойы жүргізіп қатты шаршадым, сондықтан ұйқыға кеттім, — деп ойлады жігіт, — егер мен оянбасам, шұңқырға құлап түсер едім. Мүмкін, періште мені сақтады!» – деп ойладым.