Аққулы ауданындағы «Ғылым сахабасы һәм Бекмұрат әлемі» атты конференция…
Ағымдағы жылғы қыркүйектің 14-де Аққулы ауданында «Ғылым сахабасы һәм Бекмұрат әлемі» атты конференция өтті. Конференцияға ауданның ауылдық округтерінің мамандары, мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Конференцияны ашқан Молдагелдинов Дулат Жасұланұлы- Аққулы ауданы әкімінің орынбасары Тілдер мерекесі аясында өткізіліп жатқанын атап кетті. Марғұлан университетінің профессоры, ф.ғ. докторы Сағындықұлы Бекен қызықты ақпаратпен бөлісті, ал Марғұлан университетінің доценті Ахтаева Нағима Хабдрашитқызы практикалық тапсырмалармен қатысушылардың көңілінен шықты.
Сағындықұлы Бекеннің бірталай ұсынысы қолға алынса үлкен іске айналуы мүмкін болар еді.
Қатысушылар арасында Бекмұрат Уахатовтың немере інісі Сағымбай Боранбайұлы Уахатов, «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы қоғамдық бірлестігі Аққулы аудандық филиалының мүшесі Қобыланды Шотбақұлы Шынасыл, Дүйсенов Ержан Құсманұлы Мерғалым ауылының Б.Уахатов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры сөз сөйлеген болатын.