Ертеңгі жетістіктеріміздің кедергісі-бүгінгі күмәндарымыз
Ф. Рузвельт былай деген екен: Ертеңгі жетістіктеріміздің кедергісі-бүгінгі күмәндарымыз, толығымен келісемін. Сеніп, ниеттеніп бастаған іс оң нәтежеге жеткізеді. Міне, осының дәлелі тыңдаушыларымыздың жетістігі. Төмендегі сурет арқылы Татьяна Белякованың қысқаша жазған әңгімелесі
Сиқырлы Ағаш
Ауылдың шетінде ескі, ақылды, ерекше емен өсті. Ол сиқырлы болатын, өйткені бір жапырағын үшінші бұтақтан алсаң, онда қатты жел соғады. Ол мені жерден аспанға қарай көтерді. Кейін – тынышталды, сөйтіп мен бір шуақты күні 1970 жылға түстім. Бұл ескі ағаш -Уақыт машинасы сияқты.
Жан-жағыма қарасам, басқа ауа, таза, балғын. Шөп шырынды, адамдар мейірімді, балалар адал. Балалар жақсы оқиды. Олар Ғарышкер болуды армандайды.
Мен үлкен әжемнің үйіне бардым. Ол ауылдың шетіндегі ескі ағаштың құпиясын білетін. Оның үйі ауылдың ортасында орналасқан. Әжем күтіп тұр. Үйде үстелдің үстінде менің фото суретім бар. Мен келдім. Орыңдықтың үстіңде сарқытымды қойдым. Бұл -банандар, сабын, көп мейіз және жаңғақтар, миксер және жаңа чизкейк рецепті. Көршілерді таң қалдырдым. Әжеме болашақтың сарқыттары қатты ұнады. Ал мен оның бәлішін және тоқаштарын жақсы көремін. Кешке үйге қайтамын. Ертең мен чизкейк жеуге келемін. Т. Белякова.