Көктемгі Тілдік Glamping

Көктемгі Тілдік Glamping. Өткен сенбі күні, яғни наурыздың 4-де Селета кафесінде Наурыз мерекесіне орай үлкен іс-шара, ашық сабақ өткіздік. Тіл мен мәдениет, салт-дәстүрімізге көңіл бөліп, ұлттық киім мен дастарханымызға да назар аудардық. Курс тыңдаушыларымыз белсінділік танытты. Іс-шарамыз көпшіліктің көңілінен шықты. Ортақ тілімізге құрмет көрсете біліп, қазақша сөйлеуге бағытталған әр сабағымыз бен іс-шарамыз қазақ тілінің қасиеттеріне тарта білу, қазақша сөйлей білетіндердің санын арттыруға тырысамыз. Дәстүрге айналған салт-дәстүрлерді насихаттауүшін «Сағым жылдар» әжелер әнсәмблін шақырып жүреміз. «Райса» сән театрының басшысы ұлттық киім ерекшелігі мен тарихын айтып та көрсетіп та берді, ал «Экодом» өз ұлттық өнімдерін шығаратын Марина тыңдаушымыз тәттілер көрмесін ұйымдастырып сарқыт ретінде ұсынды.