Сапарға шығайық …

Оқыңыз, аударыңыз, қажеттісін жаттап алыңыз — прочитайте, переведите и необходимое выучите…

Егер Сіз жол сапарда болсаңыз …
Поезда (купеде, көлікте)…

— Сәлеметсіз бе!
— Амансыз ба!
— Бүгін шуақты күн екен, жолымыз болсын.
— Иә, рахмет күн ашық, көңілді отырып барамыз. Танысайық, атым ….
— Аты-жөніңіз (атыңыз) кім? Қай жерденсіз?
— Осы кеше салқын болып еді, міне күн де ашылды.
— Бізде де бұлтты болған, біраз жауын-шашын жауып, желді болатын.
— Иә биыл қыс жылы ғой, қатты аяз болған емес.
— Бара жатқан жеріміздің ауа райы қандай екен?
— Сіз қай жаққа барасыз?
— Мен … бара жатырмын. Онда ауа райы жылы болады, алаңдамаңыз.
— Қай елдің баласысың? Жұмыспен бара жатырсың ба, әлде қонаққа ма?
— Мен осы жердікімін, ағайындарға қонаққа бара жатырмын.
— Шай ішіп әңгімелесіп барайық, ұзақ жолды қысқартайық әңгімемен.


***
— Отбасың бар ма?
— Иә, отбасым бар
— Отбасың үлкен бе?
— Жоқ, отбасым үлкен емес (шағын)
— Отбасыңда неше адам бар?
— Отбасымда төрт адам бар
— Әке-шешең бар ма?
— Иә, бар.
— Олар кәрі адамдар ма?
— Иә, олар кәрі адамдар, зейнекерлер
— Бірге тұрасыңдар ма?
— Жоқ, олар ауылда тұрады
— Балаларың бар ма?
— Иә, екі балам бар (бір ұлым, бір қызым бар)
— Балаларың үлкен бе?
— Ұлым мектепте оқиды, ал қызым балабақшаға барып жүр
— Өзің қайда жұмыс істейсің?
— Мен кәсіпкермін, ал әйелім мұғалім болып жұмыс істейді (әйелім мұғалім)
— Нешедесің?
— Мен қырық бестемін
— Ағаң, әпкең бар ма?
— Иә, ағам ауылда, әпкем осы қалада тұрады
— Інің бар ма?
— Інім бар, ол студент, Астанада оқиды, жиендерім де бар, олар мектепте оқиды
Иә, туыс көп болған жақсы ғой.
***

Мына сөздерге назар аударыңыз:
Бір кәделеріңе жарап қалар …

Маңызды сөздер: Ата-баба, ұрпақ, ата-ана, әке-шеше, ата, әже, апа, бала, қыз, ұл, немере, шөбере, туыстар, туысқандар, аға, іні, бауыр, қарындас, сіңлі, әпке, әйел, күйеу, жұбай, келін, күйеу бала, жиен, жеңге, отбасы,…
Маңызды емес, бірақ тақырыпты толықтыратын сөздер: Ағайындар, тек/г, балдыз, қайын сіңлі,қайын аға, қайын апа,қайын бике,қайын ата, қайын ене, шөпшек, нағашы жұрт, құда, құдағи, құдашалар, бажа, абысын, бөле, …

Әрі қарай өзіңіз жалғастырып көріңіз — а дальше попробуйте самостоятельно …

Практикалық жұмыстар: Аударыңыз, сұрақтар қойыңыз. Переведите, поставьте вопросы

У него семья не большая. У Оли есть брат. У Каната есть сестренка. У меня есть сестра, У меня есть братишка. Его зовут Алмат.

Аударыңыз. Переведите

Атаң бар ма?                               Қанаттың інісі бар ма?

Жоқ, менің атам жоқ.                 Сенің атың кім? Менің атым Гүлжан (Ербол). Сенің ағаң бар ма? Менің есімім…

Иә, менің ағам бар. Сәуленің сіңлісі бар ма?

Аударыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз-Переведите и ответьте на вопросы

Как тебя зовут? Меня зовут  …. Как зовут его (ее)? Ее зовут Айгуль.

Мою сестру зовут Ольга. Брата зовут Ерганат. У меня есть друг. Друга зовут Алмат. Моя фамилия … Как твоя фамилия? Его фамилия…

Төле бидің сөздері

Ұлың өссе, ұрпағың болар,       Сын вырастет потомки будут,

қызың өссе –туыстарың болар.    Дочь вырастет – родственники будут.

Сөз де бала сияқты, тербетсе оянады. (өзіңіз аударып көріңіз… — переведите сами).

Мобильді қосымшамен жұмысты жалғастырыңыз — продолжайте работать с мобильным приложением.

Сау болыңыз, келесі кездескенше…