Тыңдаушыларымның шығармашылық жұмыстарынан …

Сабақ барысында осындай тапсырма беріледі.

Желтоқсанның басында ауа райы керемет болды: он бес градус суық, желсіз, біраз бұлтты. Кеше қар жауды, сондықтан бұтақшалар қыраумен жабылған. Жерде ақ, таза қар жатты.

Жас жігіт қызымен бірге саябақта серундеп жүрді. Далада жүріп олар бір-бірімен сөйлесті. Қыздың аты-Мәдина, жігіттің есімі — Данияр. Олар он сегізде. Олар университетте бірінші курста оқып жатыр. Мәдинаның болашақ мамандығы — мұғалім, Даниярдың — «Ақпараттық жүйелері».

Данияр мен Мәдина бұрыннан таныс. Олар көршілес тұрды, бір мектепте оқыды. Алдымен олар достар болып, сосын  бір-біріне ғашық болды. Сол уақыттан кейін олар кеш сайын саябақта серуендеуді ұнатты.

Бүгін олар сабақтардан кейін кездесіп, саябаққа барды. Олар орындықта отырғанда, Данияр айтты :

— Мәдина, мен саған бір жаңалықты айтқым келеді.

— Қандай жаңалық? — деп сұрады қыз.

— Осы жазда мен халықаралық бағдарламасына қатыстым. Менің жобам байқауда жеңді. Мен бірінші орын алдым. Байқаудың ұйымдастырушылары мені Америкаға оқуға шақырды. Мен бір жылға Америкаға баруым керек.

— Жаным, құттықтаймын! Мен өте қуаныштымын, — деді Мәдина, — бірақ мен сені жыл бойы көрмеймін ғой. Мен сені сағынамын.

Сосын Мәдина жылап жіберді.

— Сен Америкада басқа қызды кездесестіріп, оған ғашық боласың, мені ұмытасын…

— Жаным, жылама! Мен сені ешқашан ұмытпаймын, мен сені сүйемін. Бірақ Америкада оқу — бұл менің үлкен арманым. Жақсы жұмысқа орналасу үшін мен білімді алуым керек.

Мәдина жылай берді оны тындаған жоқ. Ол ренжіп қалды, орындықтан тұрды және тез кетіп қалды.

— Мәдина, тоқташы! — деп айқайлап жіберді жігіт, бірақ қыз қарамай кетті. Данияр жалғыз қалды. Орындықта біраз отырып, ол басқа жаққа кетті.

Олар татуласады ма, сіз қалай ойлайсыз?

Наталья Коленко