Май ауданының семинары
Үстіміздегі жылғы қыркүйектің 28-де Май ауданының мамандарына арнайы «Ресми құжат сауаттылығы, мемлекеттік тілде іс жүргізу мәселелері» атты онлайн семинар өтті. Семинарға қатысқан ППМУ профессоры, ф.ғ.докторы Сағындықұлы Бекен стиль және оның ерекшеліктері мен тарихына тоқтала кетті. Одан әрі практикалық тапсырмалар орындаған тыңдаушылар белсенділік танытты. Қатысушылар өздерінің орындаған интерактивтік тапсырмалардың нәтижесін деректер базасынан бірдеп көріп талдауға кірісті.