Сабақтарымыз жалғасуда …
Диалог оқыңыз. Прочитайте диалог: Қонақта. В гостях
-Сәлеметсіз бе! Төрлетіңіз (жоғары шығыңыз).
— Рахмет. Үй-ішіңіз аман сау ма?
— Халымыз жаман емес, балалар аман сау. Өзіңіз амансыз ба? Жұмыс орынша ма?
— Бәрі тегіс аман, жұмыста да өзгеріс жоқ. Пәтеріңіз жайлы екен, ал көршілеріңіз қандай адамдар?
-Көршілерім өте жақсы адамдар, туысымдай. Бір-бірімізбен тату тұрамыз.
-Шай дайын, дастарханға келіңіз, әңгімелесіп шай ішейік.
Тапсырма: диалог құрастырып көріңіз.
Болымсыз етістік — Отрицательная форма глагола. Образуется при помощи суффиксов: ма/ме; ба/бе; па/пе.
— ма / — ме | — после гласных и
сонорных р, л, й барма, қарама, келме, сүйме |
— ба / — бе | — после звонких согласных (ж,з) и сонорных м, н, ң
жазба, сенбе |
— па / — пе | после глухих согласных
жатпа, кетпе |
Мақaл – мәтелдер
Өзі сұрағаннан сарқыт дәметпе — Өзі сұрағаннан сарқыт дәметпе — Не жди угощения от того, кто сам не наелся.
Қайтып кірер есікті қатты жаппа — Не хлопай дверью, в которую снова войдешь.
Баймын деп мақтанба, жарлылық бар. Көппін деп мақтанба, жалғыздық бар — Не хвались богатством – можешь бедность познать. Не хвались родней – можешь одиночество познать.
Тапсырма: — болымсыз етістікті белгілеп алыңыз — определите отрицательную форму глагола.
Интерактивтік тапсырманы орындаңыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScbN44TvYMaY2tMCCypVGoPp_w91LV7BYaAXWBgb-7zS1nVEw/viewform?usp=sf_link