Курс тыңдаушыларының шығармашылық жұмыстарынан …

Сабақ барысында түрлі шығармашылық тапсырма орындап, нәтижелерін ұсынып отырамын. Мысалы, Ольга Адалина  жазған жұмысын тамашалап көріңіз. Өзінің балашақ кезіндегі сәттерден жазғаны.

Балалық шағым туралы

Мен ауылда тудым. Онда тоғыз жылға дейін тұрдым. Жазда кешке балалармен орындықта отырдық, ойнадық. Біз жұлдыздарға жиі қарадық, ауылда жұлдыздар өте жақсы көрінеді. Қыста қар көп болды. Омбы қардан үйлер жасадық. Күзде жерде су көп болатын. Мен резеңке етікпен жүрдім, қазір ондай етік кимейді. Көктемде далада көп ақ және күлгін бәйшешек өсті. Ал басқа жақта орман өсті. Күзде саңырауқұлақтарды жинадық. Бұл ең бақытты уақыт болатын…