Қазақша сөйлесіп көрейік! …

— Балам, бүгін күн қалай өтті? Бәрі жақсы ма?
— Иә, бәрі, жақсы (ойдағыдай)
— Қандай баға алдың?
— Бес алдым (ештеңе алған жоқпын, мұғалім баға қойған жоқ)

— Қолыңды жуып, маған көмектесші, тамақ дайындайық
— Жарайды, қазір
— Алдымен, дүкенге нанға баршы
— Тағы не керек?
— Күріш пен нан, шайға тәттілік ала ғой.
— Рахмет, бәрін әкелдің бе?
— Иә, міне.
— Сенбі күні кинотеатрға барып демалайықшы. Жақсы фильм болып жатыр.
— Барайық, бірақ үй жұмысын бітіріп, сосын барамыз.

  • Балам, дүкенге  барып келші — сходи пожалуйста в магазин.

Мына тілдік модельдер бойынша әңгімелесіп көрейік!

Егер Сіз киім дүкенінде болсаңыз …  Азық-түлік дүкенінде

Здравствуйте!  — сәлеметсіз бе!

Мне нужно масло – маған май керек

Какое масло у вас есть? – қандай май бар? (сізде қандай май бар?)

Откуда это масло/сметана/творог? – бұл май/қаймақ/сүзбе қайдан әкелінді (әкелінген)? (май/қаймақ/сүзбе қай жердікі? )

Масло/сметана/творог свежий? –қаймақ/сүзбе жаңа жасалған (дайындалған) ба?

Сколько стоит 1 кг? – 1/бір кг (килосы) қанша тұрады? 1 кг (килоның)  бағасы қандай?

Взвесьте мне пол килограмма, пожалуйста – жарты кило(килі) өлшеңізші (өлшеп беріңізші)

Сколько стоят помидоры? Они откуда? – қызанақ бағасы қандай? (қызанақ қанша тұрады)? (олар қайдан әкелінді/әкелінген?)

Взвесьте мне 6 штук, пожалуйста – маған алтауын өлшеп беріңізші. Рақмет, сау болыңыз.

Ал, енді дүкенде де қазақша сөйлей аласыз — вот теперь и в магазине сможете говорить на казахском…

Үй тапсырмасы: дүкенде, үйде қазақша сөйлеңіз — в магазине и дома говорите по казахски. Қолыңыздан келеді — у вас получится!

Мобильді қосымша бойынша тапсырмаларды орындауды ұмытпаңыз — не забудьте выполнять задания по мобильному приложению!