Мұғалімдер мен оқытушыларға арналған семинар

Қазіргі заман талабына сай келетін сабақтарымыз жаңа технологиялар мен жаңашылық аз емес. Осы семинарда берілген ұсыныстарымыз бен жаңа екі оқылығым жайында әңгіме қозғалды.

 

«Smart sabaqtar» —  Оқу құралы қазақ тілінің барлық салаларын екі бағытта түсіндіреді. Біріншісі – дәстүрлі оқыту да, екіншісі – жаңа технологиялар арқылы оқыту.  Оқырманға ұсынылған еңбекте QR-код қондырғысы арқылы дәстүрлі форматтағы тапсырмаларды орындау мүмкіндігі қарастырылған. Екі бағыт та оқырманды логика-психологиялық тұрғыдан дайындап, қазақ тілінің лексика-грамматикалық минимумын орындауға жетелейді. Оқу құралы қазақ тілін ана тілі ретінде толық игеруді қалайтын және мемлекеттік тілді меңгеруді азаматтық борышы санайтын кез келген тыңдарманға арналған. Сонымен қатар қазақ тілінің жаңаша оқытылуына өз үлесін қосып, осы бағыттағы ізденушілерге көмегі тиеді.

«Келіңіздер, қазақша сөйлесейік! « —  Оқу құралы қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін қалыптастырады. Мұнда берілген тапсырмалар әр тақырыпқа қатысты сабақтардан тұрып, олардың қабылдану аспектісін сипаттайды. Оқу құралының тапсырмасы әр алуан, бірақ қоғамда, күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді тиянақтайды. Оқырманның лексикалық минимумын кеңейтіп, грамматикалық өзгешеліктерді меңгеруге жетелейді. Оқу құралы жаңа технологияға негізделген: әр тапсырманы орындауда QR-код жүйесін пайдалануға болады.  Оқу құралы қазақ тілін ана тілі ретінде толық игеруді қалайтын және мемлекеттік тілді меңгеруді азаматтық борышы санайтын кез келген тыңдарманға арналған. Сонымен қатар қазақ тілінің жаңаша оқытылуына өз үлесін қосып, осы бағыттағы ізденушілерге көмегі тиеді.